Ұлттық музейге Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдар тапсырылды

ҚР Бас прокуратурасы фото на taspanews.kz от 29 мая 2025 15:55
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

2025 жылы 29 мамыр күні активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Сақ дәуіріне жататын тарихи зергерлік бұйымдар қайтарылып, Ұлттық музейге тапсырылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Зергерлік бұйымдар б.з.д. VII ғасырдан бастап б.з. III ғасырына дейінгі уақытқа тән, скифтердің аң стилінде жасалған.


Табылған тарихи мұра қатарында – қыранның бас бейнесі түріндегі металл үсін, араб жазуы бар сақина, мүйізді жануар бейнеленген пластина, қанатты арыстан, жылқы мен барыс мүсіндері. Одан бөлек, 15 монета мен шиыршық тәрізді бұйымдар бар. Артефактілердің жалпы салмағы 118 граммнан асады.  Бұйымдар соғу, бедерлеу, гравюралау техникасымен жасалған.


Алдағы уақытта олар Ұлттық музейге қойылатын болады.


Мәдени құндылықтарды қайтару Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен Қайтарылған активтерді басқару компаниясы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асты.


Следите за новостями Taspanews