Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі арнасын әшкереледі

 ҚР ҰҚК фото на taspanews.kz от 19 мая 2025 14:13
Фото: ҚР ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ресей мен Қырғызстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп есірткі тасымалына қарсы ауқымды арнайы операциялар жүргізді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Арнайы қызмет өкілдерінің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде синтетикалық есірткіні жеткізудің екі бірдей халықаралық арнасы жойылды.


«Операциялар нәтижесінде есірткіні көтерме түрде сату ісімен айналысқан қылмыстық топтың төрт мүшесі ұсталды. Заңсыз айналымнан 20 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Сарапшылардың айтуынша, бұл көлем он мыңдаған дозаға жететін еді», – деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде.

Ведомствоның мәліметіне сай, операциялар Қазақстан, Ресей және Қырғызстан аумақтарында бір мезгілде жүргізілген. Барлық күдіктілер тергеу органдарына жеткізілді.


Күдіктілерге қатысты қылмыстық істер қозғалды. Олар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


«Халықаралық есірткі топтарын анықтау және жою жұмыстары жалғасады. Негізгі басымдық — халықаралық есірткі арналарының жолын кесу, шекарадағы бақылауды күшейту және басқа елдермен ынтымақтастық орнату», – деп түсіндірді ҚР ҰҚК.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, халықаралық есірткі арналарында қатысып, 20 келі синтетикалық есірткіні заңсыз таратқандар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында әрекет еткен болса және есірткіні шекарадан өткізсе, 10 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.


Следите за новостями Taspanews