ҰҚКБ алаяқтар ұрлаған ақшаны қайтаруға көмектеседі
Қазақстандықтар енді алаяқтар ұрлаған ақшаларын қайтара алуы мүмкін – тіпті бұл қаражат шетелге кетіп қалған жағдайда да, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Қазақстанда банк арқылы жасалатын алаяқтық оқиғалары жиілеп барады. Адамдар жалған банк қызметкерлеріне, фейк сайттарға немесе жалған «инвесторларға» сеніп, ақшаларынан айырылып жатыр. Әсіресе, ақша шетелге кетіп қалса – оны қайтару өте қиын. Бірақ жақын арада бұл жағдай өзгеруі мүмкін.
Ұлттық банк шетелдік шоттарға аударылған қаражатты бұғаттап, қайтаруға мүмкіндік беретін механизм әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты.
«Қазір алаяқтардың технологиясы өте жылдам дамып жатыр, ал шетелге жасалған аударымдарды қадағалау қиын. Біз шетелдік антифрод-орталықтармен байланыс орнатуға тырысып жатырмыз, осылайша күмәнді аударымдарды тез бұғаттап, ақшаны қайтару мүмкін болмақ»,
Бұл – маңызды бастама: қазіргі таңда жәбірленушілер ақшаларын тек Қазақстан аумағында қалған жағдайда ғана қайтара алады. Оның өзі – тек сот арқылы, бұл бірнеше айға созылуы мүмкін. Ал жаңа бастама бойынша, қылмыс дәлелденгеннен кейін сот шешімін күтпей-ақ ақшаны қайтару көзделіп отыр.
«Алаяқтар айлакер және арсыз болып барады. Адамдар тек бір қоңырау не бір сілтеме арқылы жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған теңгесінен айырылып жатыр. Егер ұрланған ақшаны қайтарудың нақты жолы пайда болса, бұл қиын жағдайға тап болған мыңдаған қазақстандық үшін үлкен қолдау болар еді»,
Алаяқтардың тұзағына түспеу үшін не істеу керек:
Ешқашан ешкімге SMS-код, құпиясөз немесе карта деректерін айтпаңыз – тіпті олар банк, полиция немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде хабарласса да.
Телефон нөмірлерін, сайт сілтемелерін тексеріңіз – алаяқтар ресми сайттар мен нөмірлерді көшіруі мүмкін.
SMS, мессенджер немесе пошта арқылы келген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз – тіпті хабарлама шұғыл болып көрінсе де.
Егер халықаралық аударымдарды қолданбайтын болсаңыз, бұл қызметті банк арқылы өшіріп тастаңыз.
Аударым және қолма-қол алу лимиттерін орнатыңыз – бұл бұзушылық кезінде қаражаттың бір бөлігін сақтап қалуға көмектеседі.
Егер ақшаны алаяқтарға аударып қойсаңыз не істеу керек:
Бірден банкке хабарласыңыз – егер мүмкіндік болса, аударымды бұғаттауды сұраңыз.
102 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе жақын маңдағы полиция бөліміне барыңыз – өтінішті неғұрлым ертерек берсеңіз, соғұрлым жақсы.
Хабарламалар, нөмірлер, скриншоттар мен чек сынды барлық дәлелдерді сақтаңыз – олар тергеуге қажет болады.
Банкке досудебное урегулирование (сотқа дейінгі ёреттеу) арқылы қаражатты қайтаруға болатынын нақтылаңыз.
Ұлттық банк пен ІІМ жаңалықтарын бақылаңыз – шетелге кеткен ақшаны да қайтаруға мүмкіндік беретін механизм жақында іске қосылуы мүмкін.