Түркістан облысындағы ауыл оқушылары халықаралық байқауда жүлде иеленді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі фото на taspanews.kz от 06 мая 2025 15:25
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданынан Грекияның Софикон қаласында өткен FIRST LEGO League Challenge халықаралық чемпионатына барған ауыл оқушылары екі номинация бойынша қола жүлде иеленді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Құрама STEM бағыты бойынша өткен турнирге қатысты. АҚШ, Бразилия, Жапония, Австралия, Германиядан келген оқушылармен қатар қазақстандық топ өз білімін көрсетті.


Осылайша, Қазығұрт ауданы оқушылары Robot Design Award және Alliance Cup санаты бойынша 3-орынға ие болды. Құрама қатарында – Сайлау Нұрасыл, Нұралы Даянхан, Ділдәбек Аружан, Камал Асылжан, Ақжол Нұрасыл, Асқарова Несібелі, Давронбек Гүлмира, Тайбек Балым мен Елтай Әміржан болды.


Топ жетекшілері – информатика пәні мұғалімдері Оразхан Бексұлтан, Устенов Нұрсұлтан, Тастан Ербол, Шералы Әлібек.


Следите за новостями Taspanews