Түркістан облысында суармалы су тапшылығы мәселесіне ден қойылды
Фото: Pexels
Түркістан облысындағы суармалы су тапшылығын шешу мақсатында жаңа су қоймалары салынуда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Үкіметтің ресми ақпаратына сілтеме жасап.
Өңірде жаңа су құрылыстары салынуда. Соның ішінде «Бәйдібек ата» су қоймасы құрылысы жүзеге асырылуда. «Боралдай» жобасы бастау алды. Жоба аяқталған соң «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн м3 су жіберіледі. Бұл суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін жасалуда.
Одан бөлек, Ордабасы мен Сауран аудандарында қосымша су қоймалары іске қосылады. Бұл тәулігіне 194 м3 су беруді мүмкін етеді.
«Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектарға, өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға артық егілді. Оның ішінде, суармалы алқап 552,0 мың гектарды құрайды. Егістікке қажетті ағын су көлемі фермерлердің сұранысына сәйкес бөлінеді. Вегетациялық маусым басталды және қалыпты деңгейде өтіп жатыр»,