Түркістан облысында браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: ҚР Бас прокуратурасы
Түркістан облысы табиғат қорғау прокуратурасы бастамасымен Полиция департаменті Сырдария өзені Шардара су қоймасында аса ірі көлемде балық аулаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Қылмыстық топтың қатарында 16 адам – браконьерлер, заңсыз ауланған балықты тасымалдау мен сатумен айналысқандар мен ұйымдастырушы болған. Олардың бірқатары осындай қылмыс түрі бойынша бұрынырақ сотталған.
Алдын ала мәліметке сай, келтірілген залал көлемі 10 мон теңгеден асты. ҚР Қылмыстық кодексі 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Барлығы 12 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде бір тоннадан астам заңсыз ауланған балық, 12 қайық пен олардың қозғалтқыштары, 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді»,