Түркістан облысында алғашқы рет баялды өнімі жиналды
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Түркістан облысында 2025 жылғы жағдай бойынша баялды жинау басталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Негізгі егіс алқаптары Сарыағаш, Сайрам, Жетісай, Келес, Түлкібас аудандарында шоғырланған аумақта 2,9 млн тонна баялды жиналды. Болашақта өнім жинау көлемі 52 мың тоннаны құрайды деп болжануда.
Көкөніс түрін өсірумен айналысатындар үшін мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.
«Атап айтқанда, субсидиялау бағдарламасы аясында минералды тыңайтқыштарға жұмсалған шығынның 50–60%-ы, сондай-ақ пестицидтерге, гербицидтерге және биологиялық күрес құралдарына кеткен шығынның 50%-ы өтеледі. Бұдан бөлек, саланың дамуына септігін тигізетін өзге де қолдау түрлері көрсетілуде»,