TikTok әлеуметтік желісі арқылы құмар ойын ұйымдастырғандарға қатысты тергеу аяқталды

Pexels фото на taspanews.kz от 12 июня 2025 10:21
Фото: Pexels

TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн құмар ойын ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.


Айыпталушылар тұрақты түрде тікелей эфирде құмар ойындар өткізіліп келгені анықталды. Ойындарға қатысқа азаматтар қаражатты ұйымдастырушылардың шоттарына банк қосымшалары арқылы аударған. 10,5 млн теңге көлемінде заңсыз табылған. Қатысушылардың басым бөлігі жастар екені белгілі.


Сот үкімімен екі ұйымдастырушы кінәлі танылды.


«Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews