Теміртау қаласында өрттен 20 газ баллоны шығарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Теміртау қаласы, Сарыарқа көшесінде орналасқан кәсіпорындардың бірінің аумағында екі қабатты әкімшілік ғимарат өртенді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеие жасап.
Өрт екі ағаш терезе блогы мен металл контейнерінде орын алған.
ТЖМ құтқарушылары өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан 7 пропан мен 13 оттегі баллонын шығарды.
Өрт сөндірілді. Себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.