Telegram Astana Hub қатысушыларының қатарына енді

Фото: Depositphotos

Telegram Орталық Азиядағы инновациялық кластер – Astana Hub қатысушысы болды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Ынтымақтастық бірлескен жобаларды іске асыруға, тәжірибе алмасу мен цифрлық өнімдерді дамытуға мүмкіндік береді.


Бұрынырақ Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров ҚР Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің шақыруымен Қазақстанға іс сапармен келген. Онда ол Astana Hub-пен танысқан. Нәтижесінде Telegram-ның ресми кеңсесі Astana Hub аумағында ашылды.