Текеліде жас жігіт бояудан уланған

Фото: Polisia.kz

2025 жылы сағат 19:30-да Текелідегі «Жетісу Resort» кешенінде жұмыс істеген жігіт бояу жағумен болған, алайда есінен  танып, кейіннен аузынан көбік шыққан, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Полиция қызметкерлерінен осы күні кешкі сағат 19:30 шамасында аталған жігітті іздеп жүрген адам көмек сұраған. Оқиға орнына келгенде тәртіп сақшылары жігітке алғашқы медициналық көмек көрсеткен.


Дәрігерлер алғашқы көмектің дұрыс жасалғанын айтады.


«Ес-түссіз жағдайдан соң адамның жүрегі де тоқтап қалуы мүмкін. Яғни, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылған кезде адамның тыныс алу функциясы нашарлайды. Алғашқы көмек дұрыс жасалмаса, пациентті жоғалтып алу қаупі бар», – деді Текелі қалалық ауруханасының реанимация бөлімі дәрігері.

Қазіргі таңда жігіттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.