Текеліде жас жігіт бояудан уланған

Фото: Polisia.kz
2025 жылы сағат 19:30-да Текелідегі «Жетісу Resort» кешенінде жұмыс істеген жігіт бояу жағумен болған, алайда есінен танып, кейіннен аузынан көбік шыққан, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінен осы күні кешкі сағат 19:30 шамасында аталған жігітті іздеп жүрген адам көмек сұраған. Оқиға орнына келгенде тәртіп сақшылары жігітке алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Дәрігерлер алғашқы көмектің дұрыс жасалғанын айтады.
«Ес-түссіз жағдайдан соң адамның жүрегі де тоқтап қалуы мүмкін. Яғни, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылған кезде адамның тыныс алу функциясы нашарлайды. Алғашқы көмек дұрыс жасалмаса, пациентті жоғалтып алу қаупі бар»,
Қазіргі таңда жігіттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.