Тараздағы зауыт маңында өрт шықты

Фото: Pexels

Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесіндегі асфальт-бетон зауыты аумағында құрғақ қамыс пен ескі автомобиль шиналары жанды, –деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Өрт 650 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға себебі анықталуда.