Таразда көпқабатты үйден өрт шықты

Фото: ҚР ТЖМ

Тараздағы 5 қабатты үйдегі 4-қабатта орналасқан балконнан өрт шыққан, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.   


Өрт бүгін, көпқабатты үйдің бірінде орын алды. Жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары сыртқа 11 адамды шығарды. 20 шаршы метрге тараған өрт 20 минутта сөндірілді.


Зардап шеккендер болған жоқ. Өрт себебі анықталуда.