Таразда 74 жастағы студент университет дипломын алды

 sherkhan_university фото на taspanews.kz от 30 июня 2025 14:12
Фото: sherkhan_university

Алматылық 74 жастағы Валентина Проскурина жақында Тараз қаласында екінші жоғары білім алып шықты. Оның алғашқы мамандығы – инженер-экономист, ал бұл жолы ол заң факультетін бітіріп, дипломдық жұмысын үздік қорғады. Екі жылдық оқу барысында ол бірде-бір дәрісті қалдырмаған және өз жасының білім алуға кедергі еместігін дәлелдеді, – деп хабарлайды 24kz.


Қазіргі таңда Валентина Павловна – мектепке дейінгі тәрбиелеу саласының сарапшысы. Оның айтуынша, алған білімі жұмысында қажет болады, себебі бұл салада даулы мәселелер жиі кездеседі.


«Мен 120 жасқа дейін өмір сүріп, белсенді әрі еңбекке қабілетті болғым келеді», – деді ол.

Валентина Проскурина – бухгалтерия тақырыбында 20-дан астам кітап пен мақаланың авторы, тоғыз немеренің және екі шөберенің әжесі.


Следите за новостями Taspanews