Тараз-Шымкент жолында жол апаты орын алды

Фото: ҚазАвтоЖол
2025 жылы 4 маусымда Тараз-Шымкент тас жолында рұқсатсыз қозғалған ірі жүгі бар жүк көлігі көлік апатына себеп болды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚазАвтоЖол сілтеме жасап.
Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Келтемашат елді мекені маңында Тараз-Шымкент бағыты бойынша ақылы жолдың 653-шақырымында ірі жүгі бар жүк көлігінің тежегіш жүйесі істен шыққан. Жүк көлігі екі бағыттағы жолды жауып қалған. Салдарынан 220 метр қоршауға зиян келтірілді. Алайда, зардап шеккендер болмады.
Анықталғандай, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы аталған көлікті жүргізуге рұқсат бермеген. Оның ені – 5,2 м, биіктігі – 5,2 м.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тасымалдаушылар мен жүргізушілерді ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін қатаң сақтауға, тиісті рұқсаттарды уақтылы алуға, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауға шақырады»,