Тараз қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйден өрт шыққан

Фото: Жамбыл облысы ТЖД

Тараз қаласы 9-шағын ауданында, 5 қабатты тұрғын үйдің 2 қабатынан өрт шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жамбыл облысы ТЖД сілтеме жасап.


Қалың тұманнан ТЖМ құтқарушылары жоғарғы қабатта орналасқан 22 адамды, оның ішінде 10 баланы сыртқа шығарды. ТЖМ апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері тұрғындарды тексерді. Алғашқы көмек көрсетілді.


Өрт тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.