Тараз қаласында синтетикалық есірткінің жасырын өндірісі жойылды
Фото: ҚР ҰҚК
Тараз қаласында мамыр айында синтетикалық есірткінің жасырын өндірісін жою операциясы жүргізілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ҰҚК сілтеме жасап.
Тінту барысында 66 кг астам мефедрон психотропты заты мен 2 тонна прекурсор, есірткі дайындауға арналған заттар тәркіленді. Күдікті Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.