Тараз қаласында шамамен 8 тонна шөп жиналған бастырма өртенген

Фото: ҚР ТЖМ

Тараз қаласында орналасқан жеке тұрғын үй ауласында 400 түк шөп жиналған бастырма өртенген, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Жамбыл облысы ТЖД сілтеме жасап.


Жалын жақын маңдағы шөп сақтайтын орынға таралды.


Төтенше жағдайлар қызметі өртті толық сөндірді.


Зардап шеккендер жоқ.


ТЖД өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласқан жөн екенін еске салады.