Тараз қаласы тұрғынының үй ауласында 100 бума шөп өртенген

Фото: ҚР ТЖМ

2025 жылы 12 мамыр күні Тараз қаласы, Южная көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында қора мен 100 бума шөп өртенген, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Өрт сөндірушілер жалынды 40 шаршы метр аумақта сөндірді. Өрт себебі анықталуда.


ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.