Тамыз айында Абай атындағы республикалық мектеп-интернат пайдалануға беріледі

Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 16 июня 2025 16:54
Фото: Алматы әкімдігі

Бостандық ауданында дарынды балаларға арналған Абай атындағы республикалық мектеп-интернатының құрылысы аяқталуға жақын, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды Бостандық ауданында дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың құрылысын тексерді.


Мектеп 900 оқушыға арналған. Демеушілер қолдауымен дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынбақ. Оған бассейн, бокс, күрес пен дайындық сабақтарына арналған залдар болады.


«900 оқушыға арналған бұл мектеп-интернатта шығармашылықпен айналысуға арналған кеңістіктер, көркейтілген аула, амфитеатр, сондай-ақ автоматты суару жүйесімен жабдықталған заманауи инженерлік инфрақұрылым қарастырылған», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews