Талдықорғанда шомылып жатқан баланың аяғы арматурада тұрып қалған

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 18 июня 2025 21:22
Фото: ҚР ТЖМ

Талдықорған қаласы, Көктал ықшам ауданы, Балақты өзенінде шомылуға арналмаған жерде суға кірген баланың аяғы арматурада тұрып қалған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап. 


Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар гидравликалық құрал көмегімен зардап шеккен баланы босатты.


Ол медициналық қызметкерлерге тапсырылды.


  «Құрметті ата-аналар! Балаларға жабдықталмаған жерлерде шомылуға, ересектердің қарауынсыз су қоймаларына баруға, құрылыс және авариялық-қауіпті учаскелердің жанында ойнауға тыйым салынады»,   – деп ескертті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде.

Следите за новостями Taspanews