Талапкерлерге нұсқаулық: ҰБТ-дан кейінгі жасайтын қадамдар

Depositphotos.kz фото на taspanews.kz от 09 июня 2025 10:38
Фото: Depositphotos.kz

Ұлттық тестілеу орталығы 2025 жылға арналған талапкер күнтізбесін жариялап, ҰБТ-дан кейін не істеу керегін түсіндірді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


16 мамыр - 7 шілде аралығында негізгі ҰБТ өткізілуде. Ал жоғарғы оқу орындарына құжаттар қабылдау 20 маусым-25 тамыз аралығында жүреді.


«Педагогикалық ғылымдар» мен «денсаулық сақтауға» түсушілер үшін арнайы емтихандар қарастырылды. Олар 20 маусым мен 20 тамыз аралығында өткізіледі.


Шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау 20 маусым – 10 тамыз аралығында өтеді. Емтихандар 7 шілде – 15 тамыз аралығында өткізіледі.


13 шілде – 20 шілде аралығында білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініш беріледі.


10 тамызға дейін грант иегерлерінің тізімі жарияланады.


Следите за новостями Taspanews