Табиғи газға жеңілдік беру бойынша пилоттық жоба 2,5 мыңнан астам отбасы қаражатын үнемдеді

Фото: Pexels
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның әлеуметтік топтарына арналған табиғи газ бағасына жеңілдік жасау жобасы – «Әлеуметтік әмиян» бойынша нәтижелер таныстырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметтің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
Шымкенттегі пилоттық жоба аясында қызметті 2,5 мыңнан астам отбасы пайдаланды. Ұсынылған жеңілдіктердің жалпы сомасы 100 млн теңгеден асуы мүмкін.
«Әлеуметтік әмиян» арқылы жеңілдікті пайдаланған АӘК және ТК алатын азаматтардың үлесі 36% құрады.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтың айтуы бойынша, пилоттық жоба сәтті аяқталса, оны өзге де қалаларда енгізу жоспарланды.
«Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау маңызды міндет болып саналады. 2024 жылдың желтоқсанына дейін жеңілдіктер беру тетігі қолмен жасалды: әкімдіктер алушылардың тізімдерін тапсыратын, ал біздің компания оларды абоненттер базасымен салыстыратын. Алайда, бұл тәсілдің айтарлықтай кемшіліктері болды, соның ішінде жеңілдіктерді қолдануды автоматтандырудың болмауы, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТК) алатын тұтынушыларды толық қамтымау, сондай-ақ тұтыну нормасының болмауы, бұл көбінесе жеңілдіктерді мақсатсыз пайдалануға алып келді»,