Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы атынан алаяқтық жасалуда

Freepik фото на taspanews.kz от 30 апреля 2025 17:05
Фото: Freepik

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Асхат Жұмағали атынан алаяқ Жуалы ауданы мектеп директорына хабарласқан, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Antikor баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алаяқ жеке сұрақты шешуді көздепті. Бұл іс бойынша күдікті анықталды. Тиісті шаралар қолданылады.


Осылайша, алаяқтар агенттік басшылығы атынан ұялы телефон арқылы хабарласып немесе әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашып, халықты алдап-соғудың түрлі тәсілдерін қолданып келеді.


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтарды сақ болуға шақырады. Мұндай жалған ақпаратқа тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну керек.


Следите за новостями Taspanews