Су тасқынына қарсы іс-шара: Заречное ауылынан тағы 13 232 текше метр су сорылды
Есіл өзенінің деңгейінің көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы, Заречное ауылында су сору жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Үйлерді су басу қаупінің алды алынуда. Одан бөлек, Тепличное, Вагулино, Прибрежное, Ольшанка, Соколовка, Долматова, Большая Малышка ауылдарында қапшықтар төселіп, қорғаныс бөгеттері нығайтылуда.
Су тасқыны жағдайына дайындық ретінде эвакуациялық пункттер дайындалды. Әзірге қауіп деңгейі бақылануда.
Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты су тасқынына қарсы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осылайша, 24 сәуір күні 800 Ұлттық ұланы курсанттары дамбаларды нығайту мен қорғаныс бекеттерін салуға тартылды. Сонымен қатар, 28 сәуір күні Большая Малышка ауылы маңында Есіл өзенінің тасуы салдарынан бұзылған бөгет нығайтылуда.