Су тасқыны кезеңінде пайда болған ақауларды жою үшін жүк көліктерінің қозғалысы шектелді
2025 жылы 11 сәуір күні сағат 08:30-да су тасқыны кезеңінде пайда болған ақауларды жою үшін республикалық маңызы бар тас жолдарда жүк көлігінің қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ сілтеме жасап.
Жолды ашу 12 сәуір күні сағат 12:00-ге жоспарланды.
Әзірге жол учаскелері шектелген аумақтар:
Солтүстік Қазақстан облысы
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» тас жолының 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейінгі аралық);
Қостанай облысы
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» тас жолының 729-768 шақырымдары (Сарыкөл ауылы – Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы);
Жүк көліктері үшін балама жолдар келесі:
KZ15-08 «Тимирязево-Сарыкөл облысы шекарасы»;
KZ15-05 «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево»;
KАZ18 «Мамлютка – Костанай».