Су тасқыны қаупі: Макинка ауылында негізгі су бөгеті нығайтылуда

Фото: ҚР ТЖМ
Біржан сал ауданы, Макинка ауылында ормандардан еріген суды алғаш етіп қабылдайтын су бөгеті нығайтылуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Одан бөлек, гидротехникалық құрылысты нығайтуға 196 адам жұмылдырылды. Полимерлі қаптама мен инертті материалдары бар қаптарды төсеу жүргізілді. Суды каскадты тәртіпте орналасқан бір бөгеттен екіншісіне айдау жүзеге асты.
Үш тәулік ішінде 400 мың текше метр су айдалып, бөгеттің 350 метрі қалпына келтірілді.
Еске салсақ, ауыл маңындағы бөгет суының деңгейі көтеріліп, елді мекенге қауіп төндірген.