Су тасқыны: Есіл өзені деңгейін бақылау жүргізілуде

Фото: ҚР ТЖМ
Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты тиісті шаралар жүргізілуде, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Қызылжар ауданы Тепличное ауылы аумағындағы үйлерді су баспау үшін қорғанышқа арналған дамбалар жасалуда. Қазіргі таңда елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай бақылануда.
– Су тасқынын алдын алу шараларына ҚР Төтенше жағдай министрлігі, Ішкі істер министрлігі, жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық ұланның және ТЖМ әскери бөлімдерінің жеке құрамы қатысуда. Іс-шараларға 1 600-ден астам адам жұмылдырылды.Су сору, қорғаныш құрылыстарын нығайту жүргізілуде. Еске салсақ, осы көктемде Есіл өзеніндегі гидробекттерде су деңгейі көтеріле бастады. Гидробекеттерді бақылау жүргізілуде.
Су тасқынын алдын алу шараларына ҚР Төтенше жағдай министрлігі, Ішкі істер министрлігі, жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық ұланның және ТЖМ әскери бөлімдерінің жеке құрамы қатысуда. Іс-шараларға 1 600-ден астам адам жұмылдырылды.
Су сору, қорғаныш құрылыстарын нығайту жүргізілуде. Еске салсақ, осы көктемде Есіл өзеніндегі гидробекттерде су деңгейі көтеріле бастады. Гидробекеттерді бақылау жүргізілуде.