«Соттан» келген СМС қазақстандықтарды ақшасынан айыруы мүмкін

ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да, алаяқтардың жаңа алдау схемасы белсенді түрде тарауда. Олар өздерін сот қызметкеріміз деп таныстырып, азаматтардан СМС арқылы келген кодты айтуды сұрайды. Осылайша, олар egov.kz порталындағы аккаунттарға, банк қосымшаларына және жеке деректерге қол жеткізеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz РФ ІІМ-не сілтеме жасап.
Алаяқтар қалай әрекет етеді?
Алаяқтар алдымен ресми сайттар арқылы нақты сот істері бойынша қатысушылардың тегі, іс нөмірі сияқты ақпаратты тауып алады.
Содан кейін осы азаматтарға хабарласып, өздерін сот қызметкері ретінде таныстырады.
«Ертеңгі сот отырысына онлайн сәйкестендіруден өту қажет. Қазір сізге СМС келеді, соның кодын айтып жіберіңіз»,
Егер адам кодты айтып қойса, алаяқтар:
egov.kz порталындағы жеке кабинетке кіре алады;
электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) рәсімдей алады;
банк қосымшаларына кіріп, несие рәсімдей алады;
мүлікті өз атына аудара алады.
Не істеу керек?
Қазақстан ІІМ және киберқауіпсіздік мамандары мынадай кеңес береді:
СМС арқылы келген код пен бір реттік құпиясөздерді ешкімге айтпаңыз, тіпті қоңырау шалушы өзін мемлекеттік қызметкер немесе сот деп таныстырса да;
Егер сіз ештеңе сұратпаған жағдайда, сізге СМС-код келсе – бұл алаяқтық;
Шұғыл түрде 102 нөміріне қоңырау шалып, болған оқиға туралы хабарлаңыз.
Есте сақтаңыз: ешқандай мемлекеттік орган сізден телефон арқылы СМС-код сұрамайды!