Солтүстік Қазақстан облысында жарылыстың алды алынды
Фото: Freepik
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы Новоишимское ауданының ауылы, Пионерская көшесінің бойында жеке тұрғын үй өртенді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Өрт 15 шаршы метр алаңға тарады. Төтенше жағдайлар қызметі күйік алған үй иесін құтқарып үлгерді. Үйдегі газ баллоны шығарылып, жарылыстың алды алынды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккен үй иесі ауруханаға жатқызылды.