Солтүстік Қазақстан облысында пробация қызметкері өрт кезінде адамдарды құтқарды

Фото: Polisia.kz
2025 жылы 9 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданында пробация қызметкері өрт кезінде көмекке келді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
9 маусым күні сағат 03:00 шамасында Аққайың ауданы, Смирново ауылында монша жанған. Монша тұрғын үйге жапсарлас салынғандықтан, жалын үйге таралып кетті. Пробация қызметкері өрт сөндірушілерге жағдайды хабарлап, өз бетінше әрекет жасауға кірісті.
Ұйықтап жатқан екі бала, анасы мен үйдегі адамдарды оятып, қауіпсіз жерге шығарды. Өрт шыққан жерді қоршап, жарақат алу қаупін болдырмады.
Кейіннен өрт сөндірушілер жалынды толықтай сөндірді. Оқиғаның мән-жайын анықтағанда өрттің шығуына пешті орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болғаны анықталды.