Солтүстік Қазақстан облысында полиция тұрғынды өрттен құтқарды

Фото: Polisia.kz

2025 жылы 13 маусымға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданының Кладбинка ауылында, Мир көшесінде орналасқан үйден өрт шыққан, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Полиция қызметкері өртті байқап қалады. Үйдің төбесі мен кіреберіс есігі отқа оранған. Көршілерден қоңыраулар түсе бастаған. Полиция қызметкері үйде 53 жасар тұрғын тұратынын білген.


Ол өрттің арғы жағынан дауыс байқап қалады. Терезені сындырып, үй иесіне өрмелеп, жетеді. Оны да сынған терезеге жеткізеді. Ары қарай екеуіне де көршілері көмектесіп, сыртқа қарай шығарады. Өрт сөндіру қызметі жалынды тоқтатты.


Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қажеті болмады.