Шымкентте оқушы алаяққа 2 миллион теңге беріп қойған

Shutterstock фото на taspanews.kz от 16 мая 2025 11:55
Фото: Shutterstock

Шымкентте интернет-алаяқ 6-сынып оқушысын алдап, Free Fire ойынына жалған аккаунт сату арқылы 2 миллион теңгеден астам ақша алып қойған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ішкі істер министрлігіне  сілтеме жасап.


Киберполиция қызметкерлері интернет-алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады.


Оқушы алаяқтың арбауына қалай түсті


Күдікті интернетке «дамудан өткен» ойын аккаунтын сатамын деген хабарландыру жариялаған. Мектеп оқушысы қызығып, көрсетілген нұсқаулар бойынша анасының банк картасының фотосын және растау кодын жіберген. Бірнеше минуттан кейін есепшоттағы барлық ақша жоғалып кеткен.


Анасы қаражаттың жоқ екенін байқап, дереу полицияға жүгінген.


Күдікті арнайы операция барысында ұсталды


Anti-Fraud жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер күдіктіні жедел анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол тергелуде.


Ата-аналарға ескерту: балаларыңызды онлайн-алаяқтардан қалай қорғауға болады?


ҚР Ішкі істер министрлігі ата-аналарға балаларға цифрлық қауіпсіздік туралы үнемі ескертіп отыруды ұсынады:


банк картасының мәліметтерін ешқашан жарияламау керек;


растау кодтарын фотоға түсіріп, ешкімге жіберуге болмайды;


балалардың телефондарында ақша аударымдарына лимит қою;


интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық туралы баламен ашық сөйлесу.


Құқық қорғау органдары ескертеді: ойын аккаунттары, чаттардағы сатып алулар мен жедел аударымдар — балалар мен жасөспірімдерді алдаудың жиі қолданылатын тәсілдері. Ең басты ереже – жеке және банк деректерін бөгде адамдарға бермеу.


Следите за новостями Taspanews