Шымкентте көп қабатты үйдің шахтасынан өрт шықты

Pexels фото на taspanews.kz от 23 апреля 2025 19:18
Фото: Pexels

2025 жылы 23 сәуірде Шымкент қаласы, Назарбаев даңғылындағы 12 қабатты көппәтерлі үйдің шахтасынан өрт шыққан, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


ТЖМ өрттің басталғаны туралы хабарды кешкі сағат 18:24 шамасында берді. Тұрғын үй шахтасында электр кабельдері жанған. Түтін ішінен ғимараттағы 30 адам сыртқа шығарылды. Оның жетеуі – балалар.


Өрттің сөндірілгені туралы хабар 19:00-де белгілі болды. Зардап шеккендер жоқ.


Следите за новостями Taspanews