Шымкентте демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?

Pexels фото на taspanews.kz от 30 мая 2025 20:48
Фото: Pexels

Шымкент тұрғындарын алда шуақты күндер күтеді. Температура тіпті түнде аса төмендемейді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет РМК" сілтеме жасап.


Шымкентте 31 мамыр күні көшпелі бұлт жүреді, алайда жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +29 +31 градусқа дейін көтеріліп, түнде +15 +17 градусқа дейін төмендейді. 8-13 м/с жел соғады.


1 маусым күні Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +30 +32 градус, түнде +15 +17 градусты құрайды. Жел екпіні 8-13 м/с.


Следите за новостями Taspanews