Шымкентте ауа температура 40 градусқа жақындай түсуде
Фото: Pexels
Шымкент тұрғындарын 6-7 мамыр күндері жауын-шашынсыз, шырайлы күн күтуде, – деп хабарлайды KazTaspa.kz «ҚазГидроМет» РМК сілтеме жасап.
6 мамыр күні қалада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +34 +36 градусты, түнде +14+16 градусты құрайды. Желдің жылдамдығы – 6-11 м/с.
7 мамыр күні күндіз сынап бағанасы қайта +34 +36 градусты көрсетеді. Түнде температура +17+19 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы 8-13м/с.