Шымкент тұрғыны терроризмді насихаттаған
Фото: Pexels
2025 жылы мамырда Шымкент қалалық сотында терроризмді насихаттаған тұрғынның ісі қаралды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ҰҚК сілтеме жасап.
Сот шешімімен ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол айналасындағы адамдарды адам өлтіруге шақырып, зорлық зомбылықты діни мақсатпен ақтаған.
Одан бөлек, маусым айында Атырау, Ақтөбе облыстарында терроризмді насихаттағаны үшін 2 жергілікті тұрғын 7 және 6 жылға сотталды. Олардың жалпы қылмыстар мен террористік белсенді аймаққа шығуға әрекеті үшін соттылығы болған.
Аталған істер бойынша сот үкімі заңды күшіне енді.
Тағы 52 адамға қатысты тергеу жүргізілуде.