«Шымкент – Өзбекстан шекарасы» автожолында көтеріліп кеткен жол жабыны қалпына келтірілді

Фото: ҚазАвтоЖол

Республикалық маңызы бар «Шымкент – Өзбекстан Республикасы» шекарасы жолындағы ақау жойылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚазАвтоЖол сілтеме жасап.


2025 жылы 17 маусым күні жолдарды бақылау барысында «Шымкент - ӨР шекарасы» (Жібек жолы ө/п) учаскесінің 763-шақырымында аптаған ыстықтан цементбетон жабын көтерілген. Шұғыл жұмыстар нәтижесінде ақаулар алдын ала анықталып, оларды жою ұйымдастырылды.


Жөндеу жұмыстары сол күні жүргізілді. Жол қалпына келтіріліп, толық қозғалыс қамтамасыз етілді.