Шымкент қаласындағы тез тамақтану кафесінен өрт шықты

Фото: Pexels

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында, Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан тез тамақтану кафесі өртенді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді. Өрт 12 шаршы метр алаңда сөндірілді.


Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.