Шығыс Қазақстанда адам өлімімен аяқталған жол апаты болды

Фото: РФ ТЖМ
Шығыс Қазақстан облысында орын алған жол-көлік оқиғасында жүргізуші қаза тапты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол апаты Глубокое ауданына қарасты Тарханка мен Винное ауылдарының арасындағы тас жолда болған.
«40 жастағы Audi көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалды. Көлік жолдан шығып кетіп, аударылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Ал жолаушы жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді»,
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жол апатының нақты себебі мен оған әсер еткен факторларды анықтау үшін қажетті деректер жиналуда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.