Шығыс Қазақстан облысындағы құрғақ шөптің өртенуі: 30 мың тонна су төгілді

 Freepik фото на taspanews.kz от 15 апреля 2025 12:03
Фото: Freepik

2025 жылы 15 сәуір күні, сағат 10:48-дегі ақпаратқа сай, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шұбарағаш учаскесінде тұтанған дала өртін жою үшін 11 рет жалпы саны 30 тоннадан асатын су төгілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Құтқару жұмыстары ТЖМ мен жергілікті атқару органдары есебімен жүруде. Өрт сөндіру өсімдіктердің биіктігімен, екпінді желмен және батпақты жерлердің көп болуымен қиынға түсуде.


«Біржан сал елді мекенінің шеті бойынша жер жырту жұмыстары жүргізілді, дер кезінде қабылданған іс-қимылдардың арқасында ауылға төнген қауіп жойылды», – делінген ресми хабарламада.

Әуеден жағдайды бақылау кезінде елді мекендерге қауіп төніп тұрмағаны анықталды. Бұл туралы Зайсан ауданы, Біржан сал ауылы тұрғындары хабардар етілді.


Өрт сөндіру үшін Қазақстан ТЖМ мен ЖАО авиациясы жұмылдырылды. Бұл ауадан жағдайды бақылауға және өрт ошақтарын жоюға мүмкіндік берді.


Еске салсақ, 2025 жылы 15 сәур таңында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Біржан сал ауылдық округі, Шұбырағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп жанған. ҚР ТЖМ құтқарушыларына өрт ошағы батпақты жерде орналасқандықтан оқиға орнына жету қиынға соқты. Келіп жеткен соң, ТЖМ, орманшылар мен ЖАО жеке құрамы өртпен күресуін бастады.


Следите за новостями Taspanews