Шығыс Қазақстан облысындағы дала өрті сөндірілді

Фото: Freepik
ҚР ТЖМ 2025 жылы 15 сәуір күні сағат 19:47-де Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шұбарағаш учаскесінде тұтанған дала өрті толығымен сөндірілгені туралы ақпаратты жариялады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Еске салсақ, аталған аумақта 15 сәуір таңынан бастап құрғақ шөп пен қамыс жанған. Алдын ала мәліметке сай, өрт 2000 гектар аумаққа таралды. Өрт сөндіру жұмыстарына 85 адам жұмылдырылды. 30 тонна су жұмсалды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің оқшауланғаны туралы мәлімет 15 сәуір күні сағат 12:53-те, сөндірілгені туралы мәлімет сағат 19:47-де берілді.