Шығыс Қазақстан облысындағы дала өрті оқшауланды

Фото: Freepik

2025 жылы сағат 12:53-те Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шұбарағаш учаскесінде тұтанған дала өрті оқшауланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Алдын ала мәліметке сай, өрт 2000 гектар аумаққа таралды. Зардап шеккендер жоқ.


Еске салсақ, 15 сәуір күні таңертең Зайсан ауданында басталған өртпен күрес жүрді. Табиғи апатпен күресте 85 адам жұмылдырылды. 30 тонна су төгілді.