Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінің үй ауласын су басты

Фото: ШҚО әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы, Зубовск ауылында жер асты сулары көтерілгеннен және Поганка өзеніндегі бөгеттерді дренаждау салдарынан үйлердің ауласын су басты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
10 тұрғын үй мен 3 тұрғын емес үйдің ауласы суға толды.
Одан бөлек, 2025 жылы 30 сәуір күні мол жауын-шашын қардың тез арада еруіне және Бұқтырма өзені деңгейінің межеден тыс көтерілуіне себеп болды.
ШҚО ТЖД бақшалардан 4 250 шаршы метр су сорды. 2 мың қап төселді. Тұрғын үйлердің ішіне су кірмеуі қамтамасыз етілді. Бөгетті нығайту үшін дренаж учаскелерінде бөгеттің ішкі бетіне ұзындығы 60 метр полиэтилен пленка төселді.
Жағдай ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тарапымен бақылануда.
«1 мамырда Зубовск кенті БПЛА көмегімен тексеріліп, нәтижесінде бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс жасауда. Облыс әкімі жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Барлық жауапты қызметтер тұрғындар үшін қандай да бір қауіптің алдын алу мақсатында үйлесімді және жедел жұмыс істеуі қажет. Су деңгейіне мониторинг тәулік бойы жүргізілуде. Жедел мәліметтерге сәйкес, тұрғын үйлерге су басу қаупі болмағандықтан, тұрғындарды эвакуациялау қажеттілігі туындаған жоқ. Бұқтарма өзеніндегі су деңгейі 73 см-ге төмендеп, 535 см-ді құрады. Қауіптің шегі артта қалды. Су тасқыны жағдайы өңірлік штабтың тұрақты бақылауында»,