Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысына қатысы бар 4 264 адам біржолғы төлем алады

GOV.KZ фото на taspanews.kz от 05 мая 2025 15:23
Фото: GOV.KZ

9 мамыр – Жеңіс күніне, Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі. Шығыс Қазақстан облысында 4 264 адам мемлекет тарапынан төлем алады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.


Облыс бойынша 12 ҰОС қатысушысы мен соғыстан мүгедектікке шалдыққан адамдарға 5 млн теңге;


190 ардагерге – тыл еңбеккерлері, блокада куәгерлері, концлагерь тұтқындары мен майдангерлердің жесірлеріне 130 мың теңге;


4 062 тыл еңбеккеріне 80 мың теңге жәрдемақы төленеді.


Следите за новостями Taspanews