Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар дала өртін сөндіруде

Фото: ҚР ТЖМ
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Біржан сал ауылдық округі, Шұбырағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп жанған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ құтқарушыларына өрт ошағы батпақты жерде орналасқанынан оқиға орнына жету қиынға түсті. Келіп жеткеннен соң, ТЖМ, орманшылар мен ЖАО жеке құрамы өртпен күресуін бастады. Жалпы саны 85 адам жұмылдырылды.
19-20 м/с жел салдарынан өрт сөндіру қиындауда. Өрт сөндіру жқмыстары жалғасуда.