Шығыс Қазақстан облысында 300 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді

ШҚО әкімдігі фото на taspanews.kz от 27 мая 2025 09:11
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласындағы Теміржол шағын ауданында 300 орындық заманауи мектеп ашылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Заманауи технологиямен жабдықталған, инклюзивті инфрақұрылымы бар және қауіпсіздік шаралары ескерілген мектеп «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында, Мемлекет басшысы тапсырмасын барысында салынды.


Оқу орнында кәсіби бағытталуды анықтауға арналған аспаздық, тігін, ағаш өңдеу шеберханалары мен IT студия жұмыс істейді. Мектепте логопед, психолог, дефектолог мамандар бар. Сонымен қатар, арнайы білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуге арналған «Danabala» кабинеті жабдықталған.


«Шемонаиха қаласындағы жаңа мектеп физика, химия, биология, математика, информатика, тілдер мен музыка пәндері бойынша интерактивті панельдермен жабдықталған арнайы кабинеттермен қамтылған. Оқушылардың инженерлік-техникалық дағдыларын дамыту мақсатында STEM-зертханалар, робототехника кабинеті және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың инженерлік сыныбы ашылған», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews