Шу тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы басталды

Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы
Прокуратураның қайтарған активтері есебінен Шу ауданы Шу қаласының Горгаз, Жанкулиев пен Жайсан шағын аудандарында таза ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері жасалуда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Горгаз шағын ауданында ауыз су құрылысын бастау аясында уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Іс-шараға Шу ауданы прокуроры, аудан әкімі, ақсақалдар мен құрметті қонақтар қатысты.
Оның барысында қайтарылған активтерді халық игілігіне сай пайдалану, Шу ауданында 5 су құбырын салуға бөлінген қаражат сөз етілді. 3 су құбыры бойынша жұмыстар бастауын тапты, ал қалған 2 объект мемлекеттік сатып алу рәсімдерін күтеді.
«Салтанатты рәсім барысында қатысушылар жергілікті тұрғындарды құрылыс жұмыстарының басталуымен құттықтап, бұл құрылыс жұмыстарының іске қосылуы елде жүргізіліп жатқан активтерді қайтару жұмыстарының нақты нәтижесін халық өз көзімен көруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді»,