Шет елдік әуе компания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша рейстерді іске қосады

Pex фото на taspanews.kz от 25 апреля 2025 10:32
Фото: Pexels

2025 жылдың 1 маусымынан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінің «Air Arabia Abu Dhabi» жаңа әуе компаниясы Абу-Даби-Алматы бағыты бойынша рейстерді іске қосады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР КМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Аталған бағыт бойынша аптасына 3 рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері рейстер орындалады. Ұшу бағыты еш аялдамасыз, тікелей және тұрақты түрде жүреді.


Екі ел арасындағы әуе қатынасының ашылуы өзара сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.


Следите за новостями Taspanews